"Қайнар" Мектеп-гимназиясы » Страница 2
Автор: admin от 16-02-2017, 22:52, посмотрело: 460
Категория: Ата-аналарға
Автор: admin от 16-02-2017, 22:50, посмотрело: 530
Категория: Оқушыларға
Автор: admin от 16-02-2017, 22:45, посмотрело: 462
Категория: Мектеп
Автор: admin от 16-02-2017, 04:29, посмотрело: 624
Категория: Мекен жайымыз
Автор: admin от 12-05-2016, 15:01, посмотрело: 481
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Категория: Оқушыларға
Автор: admin от 12-05-2016, 14:00, посмотрело: 412
Көптеген ата-аналарды: бір мезгілде қатал да мейірімді бола білу, өз баласының алдындағы ата-аналық биігінен түспей тұрып, оған қалайда ең жақын дос бола білу жайы көп ойлантады. Төмендегі өте маңызды ақыл-кеңестер, бала тәрбиесі барысында сізге көп көмек берері сөзсіз:
Егер сізге шын мәніндегі жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеп шығару керек болса, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.
Категория: Ата-аналарға
Автор: admin от 12-05-2016, 12:23, посмотрело: 1291
Кеше, бүгін және ертең
1. Қазіргі «Қайнар» мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінің қабырғасы 1988 жылы қаланды. Осы жылы мектеп пайдалануға беріліп, 56 мұғалім жұмыспен қамтылса, 904 оқушы жаңа мектеп табалдырығын аттады.
Мектептің алғашқы директоры қазіргі ардагер ұстаз, Мақтарал ауданының құрметті азаматы Қойтанов Әбдіқадыр болып тағайындалды.
Қойтанов Әбдіқадыр 1942 жылы 1 наурызда туылған. 1967 жылы Шымкент педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген.
1961 жылы алғаш еңбек жолын «Социализм» сегіз жылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1983-1987 жылдары Киров аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1988 жылы
№ 56 Ш.Уәлиханов мектебінің негізін қалап, мектеп директоры болып 2004 жылға дейін үздіксіз қызмет атқарған.
Саналы ғұмырының 46 жылын бала тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз.
1968 жылы Өзбекстан ЛКСМ Орталық Комитетінің «Құрмет грамотасымен» сол жылы Өзбекстан Ленин Комсомолы Жастар Одағының «Алғыс хатымен», 1975 жылы Шымкент облысы Физкультура және спорт комитетінің ІІІ дәрежелі дипломымен, 1976 жылы «Қазақ ССР-нің оқу – ағарту ісінің үздігі», 1989 жылы «СССР ағарту үздігі» төсбелгісімен, 2001 жылы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2003 жылы Мақтарал ауданы әкімі О.Нұржановтың «Алғыс хатымен», «Жас қазақ үні» газеті редакторының «Алғыс хатымен» марапатталған. 15 жыл аудандық мәслихаттың және поселканың депутаты болып сайланған. Қазіргі таңда Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы».
Категория: Мектеп