» » "Бір тал ексең он тал ек"

 
 
 

"Бір тал ексең он тал ек"

Автор: admin от 16-02-2017, 23:44, посмотрело: 979

0 Экологиялық тәрбие – азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға әсер етеді. Өйткені қазіргі таңда табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Бір кездегі жер бетінің шөбін тартсаң, шырыны шығатын көк майса, жасыл кілем болып келетін біздің өңіріміз бүгінгі күні, өкінішке орай, шөлейт аймаққа айналып барады.

Жыл сайын көктем мезгілі басталған соң адамзаттың алдында тұрған басты парыздарының бірі – ағаш егу жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Адамзатқа теңдессіз, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ағаштың маңыздылығын айтып жеткізу өте қиын. Адам ауасыз өмір сүре алмайды, ал сол ауаны жасайтын, тазалайтын, сүзгіден өткізетін, яғни ауадағы газдарды, шаң-тозаңды өзіне тартып алып, орнына оттегі бөліп шығаратын ағаш екені даусыз. Сондай-ақ табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап тұруға, қаладағы шуды азайтуға ағаштардың тигізетін көмегі зор. Ыстықты, аязды басып, ылғалдылықты, то­пырақтың құнарлылығын сақтай­ды, жерді бекітеді, дауылдардың екпінін азайтады. Олай болса, ағаштың тіршілікке берер пайдасы мол. Ал ағаштың тұрмыста қолданылатын қызметі өз алдына бір бөлек дүние.
"Бір тал ексең он тал ек"
"Бір тал ексең он тал ек"
"Бір тал ексең он тал ек"

Категория: Мектеп, Оқушыларға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.